Бұл бетте «Қашан» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкірегімде өрекпиді мол ағын,
Буырқанам, бір тасып, бір толамын.
Аппақ арман жеткізесің сен қашан,
Қашан Шоқан,
Қашан Саттар боламын.
Он сегізге биыл шығар жасым бар,
Аз өмірде тапқан досым, қасым бар.
Он сегізде жарқылдады-ау,
Мен кепіл
Әлгі асылдар, жасыңдар.
Олар, олар ат үстінен түспеген,
Сұңқарлар ғой аузымен құс тістеген.
Ал менің ше,
Ұялмастан айтардай,
Бір ісім жоқ істеген.
Көкірегімде өрекпиді мол ағын,
Мен осылай буырқанып, толамын.
Аппақ арман, жеткізесің сен қашан,
Қашан Шоқан,
Қашан Саттар боламын.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі