Білем, өмір көктемі, күзі барын

Бұл бетте «Білем, өмір көктемі, күзі барын» атты Айтуар Өтегенов жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1819
Білем, өмір көктемі, күзі барын,
Гүл көктемде мыналар қызығарым:
Жылқышының құтқармайтын құрығы,
Арулардың толқынданған бұрымы.
Егіншінің жер өңдеген кетпені,
Ақ жаңбырдың нөсерлетіп төккені.
Шешек атқан даланың қызғалдағы,
Қыр төсінде соқпақты із қалғаны,
Сыланғаны, аққудың шомылғаны,
Тоғайдағы тораңғы, тобылғы әні.
Қырандардың қызылға шүйілгені,
Қара шанақ құлақ күйіндегі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері