Жайдары мінезің – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жайдары мінезің» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1628
(«Арыс жағасында» әнінің ырғағымен)

Бойында Ембінің,
Кездестім мен күнім.
Жүректер сонда жырлап тек,
Жағада тұрмап па ек.

Қ-сы:
Жайдары мінезің,
Арманым бір өзің.
Батты, әне, баяу күн,
Сен жоқсың, аяулым.

Жанарың нұр төгіп,
Кеудеме жыр толып.
Тұрып ем, сәулем, түн тымық,
Өзіңе ынтығып.

Бардым мен тағыда,
Сол жерге сағына.
Біз тұрған бойлап жағаны,
Ерке Жем ағады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері