Саяхат – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Саяхат» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2611
Құшак жайды бар алап,
Қуанышқа бөлендік.
Туған жерді аралап,
Тамашаға кенелдік.
Ақ орамал жамылған
Асқар шыңға өрледік
Асқақтата салдық ән,
Айдын көлде тербеліп.
Кездестік біз ерлермен
Көл орнатқан далаға,
Өзендерді бөгеген
Өңкей күшті ағаға.
Біз солардай боламыз,
Біз сүйеміз өмірді.
Көп-көп білім аламыз,
Көркейтеміз өңірді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері