Мысық пен төбет – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Мысық пен төбет» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мысыққа қара төбет бұрынғыдай
Арс етпей жылы жүзбен бұрылды жай:
— Кел, достым, қас болмайық, дос болайық,
Сырласып іс істейік досқа лайық,
Дегенде:
— Не қып бүгін жылы ұшырап
Тұрсың? — деп тарғыл мысық қойды сұрақ.
Күнде айқайдан есіміз кетер болды,
Өкпеліктен бос шөлмек тиді кеше,
— Көк желкемнен менің де тиді кесе!
Ал, бүгін ше ?
— Столдың белі сынды,
Соны айтып болған жоқ, үйден сыртқа
Терезеден атылды бір жұмыртқа.
Соқты келіп мысықты тұмсығынан,
Сасқан мысық айналды ұршығынан,
Төбетке де бір үлкен қара тостақ,
Шонданайдан дәл келіп тиді жақсы-ақ.
Қара төбет қаңсылап ол да зытты,
Жылы сөзі достардың солай бітті...
Үйдегі мас тас-талқан болып жатыр,
Басқа-көзге жұдырық қонып жатыр...
Қара төбет, мысық пен ыңсыз-жыңсыз,
Іншігінен сығалап күліп жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері