Өпіремдеу тыныстайтын әр демін –
Айтуар Өтегенов
Бұл бетте «Өпіремдеу тыныстайтын әр демін» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өпіремдеу тыныстайтын әр демін,
Керек жерде аямайтын жәрдемін.
Менен гөрі думанқойлау, серілеу,
Бала күннен сырлас досым бар менің.
Рас жаны ұлы еңбектен қашпайды,
Өзгелердей абыржып та саспайды.
Асауларды ұстағанда құлақтан,
Тыпырлатпай тастайды.
Қысқа айтқанда іс келеді қолынан,
Жас жігерін өткірлікке жаныған.
Жанарымен өртеп қыздар жүрегін,
Той-жиында отырады салып ән.
Бірге өскен тай жалына жармаса,
Берсін деймін сапарымыз жалғаса.
Досым менің жақсы жігіт тек әттең,
Кей кездерде өзімшілдеу болмаса.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі