Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп –
Айтуар Өтегенов
Бұл бетте «Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп,
Махаббаттың бал-шарабына маспын деп.
Күннен де ыстық қызуым мол кеудемде,
Кеудемде менің тасқын көп.
Есігім ашық достарым, келіп қақсаңдар,
Шуағым да мол жүрегім отын жақсаңдар.
Шаттық бар менің думанды тойлы кеудемде,
Кеудемде менің жақсы ән бар.
Күндерім көп қой алдымнан тынбай бақ күткен,
Армансыз күнім, алаңсыз күнім жоқ тіптен.
Қарсы алам ылғи арайлап атқан таңды мен,
Адамға деген адалдықпен, пәктікпен.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі