Қамалды да бұзып жарып өтердей

Бұл бетте «Қамалды да бұзып жарып өтердей» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1340
Қамалды да бұзып жарып өтердей,
Толқынына ағызып-ақ кетердей.
Көктемеде тасып едің Ару Жем,
Арнаңнан бір асып едің Ару Жем.
Асау едің, кейпің жоқ момақан,
/Мен осындай албырттықты жаратам/.
Басылуды, білмейтіндей жасуды,
Жарға соғып жатыр едің ашулы.
Қоңыр күзде боп қалыпсың байсалды,
Осы көрініс маған мұңлы ой салды.
...Адамның да салар бәрін жайратып,
Қайтады ғой кәрілікте қайраты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері