Бұл бетте «Бұл табиғат» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген.
06.07.2019
0
0
4514
Бұл табиғат:
Шуағынан от алатын,
Біреуге жүрек берген.
Тауды да қопаратын,
Біреуге білек берген.
Жарақты қол бастайтын,
Біреуді көсем қылған.
Әр сөзі алмастай тым,
Біреуді шешен қылған.
Қадірлеп күтпесе де,
Біреуге көрік берген.
Ой-ақыл бітпесе де,
Біреуге желік берген.
Бұзылмай шырын гүлі,
Бақыт боп жолықтырып.
Адамдар бірін-бірі,
Жүреді толықтырып.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі