Білмеймін – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Білмеймін» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2213
Білмеймін...
Өңім бе екен, түсім бе екен,
Баурадың кереметтей күшіңменен.
Сен әлде алмасың ба желінбеген,
Сен әлде шарапсың ба ішілмеген.
Білмеймін...
Өңім бе екен, түсім бе екен,
Баурадың кереметтей күшіңменен.
Сен әлде аққусың ба аспандағы,
Еш мерген атып әлі түсірмеген.
Сен әлде бұлақсың ба тасқын атып,
Ағатын арнасымен тас құлатып.
Базарың бар, әйтеуір ажарың бар,
Жігітті ессіз-түссіз мас қылатын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері