Дедің сен: «Саади әйелдің» – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Дедің сен: «Саади әйелдің»» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1159
Дедің сен: «Саади әйелдің,
Төсінен өзге сүймеген»,
Тоқтай тұр жаным /әй, өлдім/,
Оны да мен үйренем.
Әндеттің тағы: «Қыздары,
Ефрат жақтың-бейне гүл».
Бай болсақ егер біз дағы,
Болар ед өзге сөйлемің.
Қуаныш маған жаға ма?
Жұлар ем гүлдің бәрін мен.
Шаганэ, жаным Шаганэ,
Асып кетпеу үшін әріңнен.
Сүймесең мені келмес ең,
Айтпа сен ойдың жоқ емін.
Ақын боп тудым ендеше,
Ақынша сені өбемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері