Бұл бетте «Ұйқыда бар әлем» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұйқыда бар әлем,
Мен жалғыз ояумын.
Заматта барар ем,
Алыссың, аяулым.
Шалқитын теңіз боп,
Сол таңдар атсын да.
Бұл түнде мені іздеп,
Сен де әлде жатсың ба?
Жүрегім от дер ем,
Ұнатқан үшін бе.
Өзіңді көп көрем,
Көп көрем түсімде.
Керемет көркің де,
Сәулесі жанса айдың.
Таусылып еркім де,
Аңсаймын, аңсаймын.
Қанша айлар өтпеді,
Жаныммен бірсің бе.
Бір көрсем деп мені,
Аяулым, жүрсің бе?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі