Өмірден көргені кіл азап – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Өмірден көргені кіл азап» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1656
Өмірден көргені кіл азап
Болса да,
Мұңаймай бұ қазақ
Келеді,
Үмітін үзбеумен,
Бақытын іздеумен.
Сол бақыт – әрі нұр, әрі ізгі,
Арбайды ақ сағым тәрізді.
Қусам да жеткізбей қашады,
Тұлпармен шұбалған шашағы.
Ырзығым мол екен,
Төгілген көл екен.
Әйтеуір
Достарым ырза боп кетеді,
...сол маған жетеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері