Түсті де сәуле – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Түсті де сәуле» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1595
Түсті де сәуле
Қараңғылықты қақ жарып,
Дүние болды жап-жарық.
Ал ол сәуле,
Ол сәуле,
Сәулесі еді – Дінімнің.
Сәулесі еді –Ілімнің.
Бұған дейін Әлемді,
Қараңғылық қаусырған.
Менің айқай-даусымнан,
Жаңғырықтар шықты тек қана,
Тау-шыңнан.
...Қауызын жарған Гүлімнің.
Тасқа қашалған Тілімнің.
Тарихын,
Жазбалардан танимын.
«Қазақтың түбі...»
Осы бір сауал мазалап,
Келмей жүр менің әлі ұйқым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері