Гүлдәуреннің бақшасында гүл атып –
Айтуар Өтегенов
Бұл бетте «Гүлдәуреннің бақшасында гүл атып» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Гүлдәуреннің бақшасында гүл атып,
Бір-біріңді шын беріле ұнатып,
Қозы менен Баян болып сүйдіңдер,
Қол ұстасып бір өтуге түйдіңдер.
Көкіректе армандарың айға асып,
Төрде күліп отырсыңдар жайғасып.
Сендер тіккен жас отаудың уығын,
Достарың жүр ақ ниетпен байласып.
Сол отаудың шаңырағы шайқалмай,
Жүректерде кірбің кірі байқалмай.
Бақытты боп өтсін деумен,
Жемісі мол алма ағаштай,
Гүлдер шашып кетсін деумен,
Өмірдің бар мол қызығын,
Тек сіздерден көбсінбеумен.
Қос көгершін көкке қанат қақты деп,
Біз тілейміз ақ жүрекпен ақ тілек.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі