Бұл бетте «Әке сөзі» атты Айтуар Өтегенов жазған әке туралы өлең берілген.
Жолдар,
Жолдар қилы-қилы бұралған,
Қандай жолдар сені күтіп тұр алдан.
Өмір деген, өмір деген балам-ау,
Сан жолдардың қоспасынан құралған.
Жолдар, жолдар қилы-қилы шатқалаң,
Жолда жатқан оңай бақыт жоқ, балам.
Орта жолда белестерден аса алмай,
Жете алмайды мақсатына, тоқтаған.
Алда құшақ жайып жатса гүл өңір,
Адам үшін қайғыра біл, күле біл.
Жол үстінде кездесесің бәріне,
Кейде тәтті,
Кейде ащы бұл өмір.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі