Даман батырларына – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Даман батырларына» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1109
Иә, олар –
Қырағы көз көрегендер,
Жүрегін пәк сезімге бөлегендер.
Иә, олар –
Уссуридің жағасында,
Ел үшін өз өмірін төлегендер.
Жүрекке қызыл жалын орағандар,
Өлімге қаймықпай тік қарағандар.
Бір күнін бір ғасырға балағандар,
Елімнің қажетіне жарағандар.
Мөп-мөлдір толы арманға жаны керім,
Құшпағандар әлі де жар лебін.
Осын-ау, бір жыл келген дүниеге,
Құрдастарым бәрі де, бәрі менің.
Осылар атқан сайын күліп таңдар,
Ерекше ләззатты сыр ұққандар.
Ей, адамдар, ақ жүрек азаматтар,
Ұмытпаңдар,
Оларды ұмытпаңдар!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері