Өлең, жыр, ақындар

Ер Досан

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1072
Бейнесi Ер Досанның қол бастаған,
Тәрiздi қиып түсер алмас маған.
Елi үшiн жан мен тәнiн беретұғын,
Өтпеген жiгiттерде нарқасқа одан.
Тағдырдың сыйы бөлек алыптарға,
Керек-ақ батыр перзент халықтарға.
Өзiңсiң, О, Ер Досан, жер жүзiне,
Адайдың кiм екенiн танытқан да.
Даланың ұлылығын таныттың сен,
Бағасын еркiндiктiң сан ұқтың сен.
Құлдық кiсен бұғауын тас-талқан ғып,
Ұл болғың келдi сенiң анық бiлсем.
Көзiмнiң қарасы мен ағы сынды,
Иса-Досан құптаймын шабысыңды.
“Басымды кес, – дедiң сен, – мейлi, жендет,
Таптатпаймын бiрақ ар-намысымды”.
Дедiң тағы:
– Мастанбасын Ақпатша құр тағына,
Мақтанбасын қыз-дамбал жыртарына.
Елi үшiн, ары үшiн жан беретiн,
Сенемiн мен келешек ұрпағыма.
Неге елiмнiң аспанда бұлты қалың?
Менiң де бар сүйiктiм, ынтығарым.
Сенемiн мен қазақтың қатындары,
Менен де асқан намысшыл ұл туарын.
Сенемiн мен сол ұлдар өсерiне,
Сенемiн мен дәрi боп кеселiне.
Бiздiң арман айналып ақиқатқа,
Бар нәрсенi ақылмен шешерiне.
Туған жерде табылар бейiт маған,
Ақылсыз деп кiнәлар кей ұқпаған.
Мен емеспiн жан үшiн жалбарынар,
Құрбан болам, ел үшiн шейiт болам.
Жасықтарды ешкiм де асыл демес,
Ал асылды ешкiм де масыл демес.
Жеңiлгенмен мен саған бағынбаймын,
Неғып тұрсың, әй, жендет, басымды кес!..
Өзiң де алмас,
Сөзiң де алмас, еңiреген батыр баба,
Өмiр көркi мәрттiкте, ақылда ма?
Өлдiң солай ерлiктi ту ғып ұстап,
Қас жауыңды өртеумен ызасына,
Ал мұң тастап ақынға, жақынға да.
О, Ер Досан! Арымның биiгi едiң,
Түсiме кiрiп жүрсiң жиi менiң.
Ұрпағыңның бiрiнiң –
Өзiңдей мәрттiгiне сүйiнемiн,
Ал бiрiнiң –
Күнi үшiн көтбергiштiгiне күйiнемiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлсары

  • 0
  • 0

Орбитаға ұшырған,
Аспанымсың, Құлсары.
Ақ ниетiн ұсынған,
Достарымсың, Құлсары.

Толық

Омардың екінші әні

  • 0
  • 0

«Құм басып талай қайтатын ізді,
Бабамның кешкен күндері көп.
Ал бүгінде айтады бізді,
Жиырмасыншы ғасырдың көшпенділері, — дей,

Толық

Өмірде

  • 0
  • 0

Өмірде
Не болмайды дейсің:
Шығуын шығып биікке,
Басы айналып, құлайтындар да болады.

Толық

Қарап көріңіз