Өлең, жыр, ақындар

Әбілхайыр ханның құнын алуға аттанардағы Айбас батырдың бата сұрауы

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2394
Шопан Ата,
Масат Ата,
Қараман Ата,
Шақпақ Ата,
Қарашүңгiл әулие,
Ұшқан Ата!
Қосай Ата,
Жомарт Ата,
Аталар, Ата, Ата!
Сартап болды жамбасым жата-жата,
Түс айырдан туылған мен бiр бота.
Аттанайын алысқа – арманыма,
Сол ботаңа ақ ниет бершi бата.
Мен бота едiм елтiген дала-күйге,
Елеусiздеу ұстаған қараша үйге,
Жамау жыртық кигiзiп.
Көз тиiп кетпесiн деп, сөз тиiп кетпесiн деп,
Әжем ғана емiренiп дара сүйген.
Бойымда сай асынған бес қаруым,
Атастырған бесiкте өстi аруым.
Бестi тұлпар кермеде арқырайды,
Бөрлiктiрмек қалыңдық кешкi ауылын.
Келген жоқ әлi тағдыр қырын маған,
Сұлулар жоқ мен жаққа бұрылмаған.
Бiр ерлiкпен танытып өзiмдi-өзiм,
Содан кейiн қайынға ұрын барам...
Жезде боп келетұғын тегi маған,
Қазақта шыққан асқар көгi ұнаған,
Барақтан Әбiлқайыр хан иемнiң,
Қас батырдай қасқайып кегiн алам.
Кегiн алам,
Айттым мен кегiн алам,
Жазықты болды жездем не күнәдан?
Ханына қол жұмасаған ел оңбайды,
Сол иттiң қабырғасын сөгiп алам.
Абыройын-сақалын кесiп алам.
Кесiп алам, қыл шылбыр есiп алам.
Бұлқып-бұлқып бойымда тулайды қан,
Жұлқып-жұлқып...
Күш-жiгер жасымаған.
Бас хан өлдi. Барақтан жазымы анық,
Құныкерлiк,
Қайын жұрт,
Базыналық.
Құқайымды көрсетем көздерiне,
Бопайыма кигiзем тәжiн алып.
Келген жоқ-ты әлi өмiр қырын маған,
Сұлулар жоқ көз тiкпей бұрылмаған.
Барақты масқаралап келген күнi,
Досымды ертiп, қайныма ұрын барам.
Сартап болды жамбасым жата-жата,
Түс айырдан туылған мен – нар бота.
Ал, аттандым алысқа – құн алуға,
Сол үшiн де шын ниет бершi бата –
Шопан Ата,
Масат Ата,
Қараман Ата,
Шақпақ Ата,
Қарашүңгiл әулие,
Ұшқан Ата,
Қосай Ата,
Жомарт Ата,
Аталар, Ата, ата!!!

Аталарға жалбарынып Шотан батыр, Қонай батыр, Айбас батыр Орта жүзге аттанады. Жас тоқалының ыстық төсегiндегi Барақ сұлтанды Айбасқа ағалары “Қараға хан тұқымының қанын жүктеу жазбаған” деп өлтiртпейдi. Бiрақ “өлiмнен де күштi масқаралау осы”, – деп жас Айбас батырға сұлтанның сақалын күзетедi. Барақтың Орта жүзге хан сайлануға дәмеленiп жүрген кезi екен. Батырлар Әбiлқайырды өлтiрген кезде басынан Барақ алып кеткен тәждi Бопай ханымның үйiне қайтарып әкеледi. Сол тәж қазақтың ең соңғы ханы – Жәңгiрге дейiн жеттi...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есею

  • 0
  • 0

Бірге ойнадық, бір төсекте жаттық қой,
Өмір дәмін, дос-ау, бірге таттық қой.
Он сегіз жас қара сирақ біздерге,
Алып келді жігіттік пен шаттық той.

Толық

Дала өсиеті

  • 0
  • 0

Құздардан құлдилап құлаңдар,
Биікке самғауды сұраңдар.
Ей, жастық, мұзбалақ қырандар,
Кеудемде сендерге арнаған,

Толық

Өмір заңын түсінем

  • 0
  • 0

Өмір заңын түсінем,
Тіршілікке ілесіп.
Улы газдар ішінен,
Келе жатыр гүл өсіп,

Толық

Қарап көріңіз