Өлең, жыр, ақындар

Жүретін-ді үш ақын

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1551
(Әбдiбек Жаманбаев, Уәйiс Қайралапов, Қаржаубай Жылқыбаевтың рухтарына)

Армандары ақ бұлттарды құшатын,
Мейiрiмдерi ақ кептер боп ұшатын.
Бiр кездерi көшесiнде Бейнеудiң,
Жүретiн-дi қол ұстасып үш ақын.
Үшеуi де бiлiмi мол, мықты адам,
Әрбiр сөзiн тыңдаушысы құптаған.
Үшеуi де жыр кенi едi, бiрақ та,
Еш баспадан кiтаптары шықпаған.
Шәкiрттерге ақ таң едi ататын,
(Мезгiл кептi күндерi де бататын).
Семсер тiлмен, семсер тiлмен, шiркiн-ай,
Бiрiн-бiрi сойып салып жататын.
Тез танитын жастар болса талапты,
Бойларында жомарттық та мол-ақ-ты.
Үшеуi де Омар һайам тәрiздi,
Жырлағанды ұнататын шарапты.
Үшеуi де айтатынын айта алды,
Жыр бәйгеде оздыра алды байталды.
Ай астында Алтыбақан тербетiп,
Өз халқына Ақбөбегiн қайтарды.
Не дүлдiлiн шерте бiлдi күйлердiң,
Түндiктерiн желпiлдетiп үйлердiң.
Мұраларын ұрпақтарға сыйлады,
Ақындардың, батырлардың, билердiң.
Үшеуi де бiлiмi мол, мықты адам,
Әрбiр сөзiн тыңдаушысы құптаған.
Үшеуi де жыр кенi едi, бiрақ та,
Еш баспадан кiтаптары шықпаған.
Армандары ақ бұлттарды құшатын,
Мейiрiмдерi ақ кептер боп ұшатын.
Бiр кездерi көшесiнде Бейнеудiң,
Жүрушi едi әзiлдесiп үш ақын.
Өмiр жолы... сүрiнiп көп, тайып көп,
Бұрқанатын Атырау боп, Жайық боп.
Естiлмейдi дауыстары самбырлап,
Қайда кеткен сол үш ақын ғайып боп?
Кемшiлiктер тауып бiздiң кей iстен,
Келiп кетiп жүрсiңдер ме пейiштен?
Сыртымыздан желеп-жебеп жүретiн,
Тәрiзденiп ақ қанатты Перiште!
Бұдан соң да талай жылдар, күн өтер,
Жырларыңды көкiрекке түнетер,
Өлеңдерiң өлтiрмейдi сiздердi,
Әбекем-ау, Қаржекем-ау, Уәкем!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арғымақтың тұяғы қазған жерлер

  • 0
  • 0

Жауына семсер ұстап шапқылаған,
Бабам-ай,
Қулық-сұмдық пәк күнәдан.
Арғымағың тұяғы қазған жерден,

Толық

Маңғыстау жайлы жыр

  • 0
  • 0

Көмiлулi сырың көп,
Маңғыстауым – Бесiгiм,
Сол сырларды ашуға талаптансам несi мiн.
Жетегiмен шабыттың артық кеткен тұстарға,

Толық

Біреу армандайды

  • 0
  • 0

Біреу армандайды,
Көп бөлмелі үй салсам,– деп.
Біреу армандайды,
Машина сатып алсам, – деп.

Толық

Қарап көріңіз