Болаттың ауруы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Болаттың ауруы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1662
Тұр орныңнан, қарағым,
Тұршы, Болат, – десек те,
«Ауырды», – деп тамағым,
Жатып алды төсекте.
Ондай болса, суытпай,
Шәй іш, – десек,
«Жоқ», – деді.
Ет же десек, жуытпай,
«Қарным әлі тоқ», – дейді.
«Келе ме май жалағың?» –
Десек те, оған:
«Жоқ» дейді.
«Жазылады тамағым,
Конфет жесем көп», – дейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері