Сыпырғы мен еден – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сыпырғы мен еден» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1551
(Н.Мизиннен)

Болғаннан соң тазалап,
Сыпырғыны мазалап,
Еден тұрып бір күні,
Ақыл айтты күлкілі:
– Рас, сырттан қараса,
Тұлғаң сұлу тамаша.
Бірақ, лассың жақыннан,
Жан жүре алмас қасыңнан.
Сыпырғы да сол кезде:
Түсін, – деді, – сен сөзге.
Былғанбасам мұнша мен,
Сен таза боп тұрмас ең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері