Жыл құстары – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жыл құстары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4417
Жыл құстары көктемде
Керуендеп келеді.
Күн қызуын төккенде,
Серуендеп келеді.
Оңтүстікте көп жерде
Болғандығын айтады.
Айдын-айдын көлдерге
Қонғандығын айтады.
Тәтті тұрмыс аңсаған
Балаларды айтады.
Бала күтіп шаршаған
Аналарды айтады.
Бізге достық сәлемін
Жолдағанын айтады.
Бейбіт күнді әлемнің
Қолдағынын айтады.
Біздің елдей бай елді
Көрмегенін айтады.
Әділдікпен әлемді
Тербегенін айтады.
Қуанышпен жыл құсын
Жылда қарсы аламыз.
Мақтап елдің тұрмысын,
Шырқап әнге саламыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері