Бүгінгінің шындығы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бүгінгінің шындығы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1419
Бабам ертегі айтыпты
Ұшқыр кілем жайында.
Бір сәтте ұшып қайтыпты
Барар жолды айында.
Ертеңді ертек етіпті,
Сөзін тізіп маржандай.
Бабам солай өтіпті,
Көкке ұшуды армандай.
Айға ұштым мен бүгін,
Таңдандырып әлемді.
Үзіп тартыс теңдігін,
Кеттім кезіп әлемді.
Көз ұшында құлдырап,
Ілесе алмай ай қалды.
Зымыраным зыңғырап,
Күн шеңберін айналды.
Емес енді жер тегі
Кеңістіктің кіндігі.
Кешегі айтқан ертегі –
Бүгінгінің шындығы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері