Мамыр таңы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мамыр таңы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1539
Мамырдың бал таңында
Гүлге тоды атырап.
Алматының бағында
Жайқалды жас жапырақ.
Ата қолын ұсынып,
Ашса Абай алақан,
Патпарақтар ұшырып,
Жүгіріп жүр балақан.
Көгершіндер бұлдырап,
Қанат қақса қарыштап,
Зымыраным зымырап,
Сапар шекті Марсқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері