Тазалық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тазалық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 1
  • 4053
Шекілдеуік шағып тұрды,
Сыныпқа кеп бір бала.
Дедім оған атып тұрып:
«Таза еденді былғама.
Балшығымен баса салар,
Жауынды күн жүрсе адам,
Не қоқырсық шаша салар
Қойма емес қой бұл саған»
Мен жіберген қаталықты
Түзетті кеп Ақбала:
«Сақтау керек тазалықты
Көшеде де, бақта да».


Пікірлер (1)

Жания

...........

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері