Мысық пен тышқан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мысық пен тышқан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3072
Қол ұстасып бәріміз
Үй маңында дөңге кеп,
Шалқып шаттық әніміз,
Тұра қалдық дөңгелеп.
«Мысық пенен Тышқанды»
Ойнамақ боп келістік.
Бірақ, таппай «Тышқанды»,
Сол заматта керістік.
– Түсіп қалма қармаққа,
Сен – Тышқансың, қашасың, –
Деген едік Талғатқа,
Алды ол жұрттың мазасын:
– Мысық деген пәле епті,
Жеп қояды мені, – деп,
Талғат салып әлекті,
Қоя берді еңіреп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері