Қалтабай
Бұл бетте «Қалтабай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бізде екі бала бар,
Бір-біріне барабар.
Бірінің аты – Балтабай,
Бірінің аты – Қалтабай.
Жұлдыздан да көктегі
Қалталары көп тегі,
Бірінен мақта шығады,
Бірінен шаппа шығады.
Бірінен асық шығады,
Бірінен қасық шығады.
Бірінен қалам шығады,
Бірінен тағам шығады.
Бірінен дәрі шығады,
Әйтеуір не керек,
Соның бәрі шығады...
Тап осындай Қалтабай
Арамызда бар талай.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі