Жаңа қар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңа қар» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1921
Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Қаптады жерді.
Жығылып, тұрып,
Қарменен ұрып,
Ойнар кез келді.
Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Жоқ қылды шаңды.
Айнала қандай,
Атқан нұр таңдай
Жасарып қалды.
Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Шық дейді үйден.
Қысқы ауа таза,
Бойыңды жаза,
Шаңғы теп, үйрен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері