Тентек теке – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тентек теке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1762
Тентек Теке бір күні
Сөзге келді күлкілі:
– Ей, Қошқарым, Қошқарым,
Сен бір жүрген мес қарын.
Қашан көрсем салбырап,
Балақ жүнің жалбырап,
Жүрісің еш өнбейді,
Өнерімді көр, мейлі:
Қарғи алам биіктен,
Кем соқпаймын Киіктен, –
Деді дағы бақылдап,
Жарқабаққа жақындап,
Кетті құздан секіріп,
Қалды Қошқар өкініп,
Қарамаған күшіне
Ақымақтың ісіне.
Қошқар жетті ентігіп,
Теке халін көргелі.
Мақтанам деп мертігіп,
Жатыр екен өлгелі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері