Бұл бетте «Шабақтар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
19.07.2019
0
0
1802
Көл бетінде шабақтар
Шолпылдайды, ойнайды.
Дегендейін қарап қал
Қара суды бойлайды.
Қармақ салсам жар жақтан
Күрмегіне құрт іліп,
Жармасады жан-жақтан
Шабақтар шалт ұмтылып.
Қарапайым, жабайы
Қайдан білсін айламды.
Шабақтардың талайы
Қармағыма байланды.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі