Піл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Піл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3094
Ең алып аң піл деген,
Ыстық жақта мекені.
Салмағы да мүлде ерен
Он тоннаға жетеді.
Оның ұзын тұмсығы
Тап шлангі секілді.
Сол тұмсығы Қызығы,
Іс атқарар не түрлі.
Суырады еменді,
Бойда күші шын тасып.
Күн ыстықта, ал енді,
Салқындайды су шашып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері