Қасқыр мен көгершін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қасқыр мен көгершін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1983
Деді Қасқыр:
– Көгершін,
Айтар болсам егер шын,
Көңілдісің сен дәйім,
Мен мұңлымын, не дерсің?
Бөгелмеді Көгершін:
– Қорқаулықпен өлерсің.
Зұлымдықпен күн кешкен
Қасқыр қайдан көгерсін?
Ал, мен неге жүдеймін?
Тәтті ауанмен түлеймін.
Ұшсам-дағы, қонсам да,
Бейбіт күнді тілеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері