Мәлике – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мәлике» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1414
Айналайын қызымыз –
Артта қалар ізіміз.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Айдай жарқын жүзіміз.
Айналайын Мәлике,
Еркемізсің, әрине.
Үзілмейді ән мен күй
Сендей қызы бар үйде.
Нұр жүзіңе қараймыз,
Бағымызға балаймыз.
Бойжетсе деп ертерек,
Әр күніңді санаймыз.
Сәулесі мол санаңның,
Бір гүлісің далаңның.
Ақтай білгін сенімін
Атаң менен анаңның.
Сәулесі мол сананың
Бір гүлісің далаңның.
Ақтай білгін сенімін
Атаң менен анаңның.
Айналайын Мәлике,
Еркемізсің, әрине.
Үзілмейді ән мен күй
Сендей қызы бар үйде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері