Қолғап

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2723
Ойсыз бала оқыста
Атып ұрды қоқысқа
Киіп жүрген қолғабын:
«Енді суық болмайды,
Енді қолым тоңбайды,
Гүл жапты қыр жондарды,
Қолғап сонда балаға
Жалынышпен қадала,
Деді: «Ақымақ болмағын
Көктем мен жаз, күз де
Қайта оралып қыс жетер,
Суытпай ма сонда күн?»
Бала айтқанға көнген бе?
Тағы да қыс келгенде,
Таппады іздеп қолғабын
Соғып қардан аққала,
Жүргенде ойнап шаттана
Сезбей қалды тоңғанын,
Алды үсітіп қолдарын.
* * *
Ей, балақай, көктемде
Қолғабыңды тығып қой.
Қайта бұрқап бөктерде,
Қыс келерін біліп қой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолғап өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қолғап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қолғап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолғап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері