Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

  • 22.07.2019
  • 0
  • 1
  • 6104
Кетіп қыстың ызғары,
Еріп сұсты мұздары,
Наурыз келді көктем боп,
Күлім қағып қыздары.
Желектеніп гүл басы,
Наурыз келді – жыл басы.
Жылтырады жақұттай
Жоталардаң жылғасы.
Наурыз – пейіл, береке,
Наурыз – мейір, мереке.
Қуанышқа бөлейді,
Көңілдерді көл ете.
Наурыз тойын тойлаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Өлең айтып, би билеп,
Бал бұлағын бойлаймыз.
Құлпырады дала да,
Құлпырады қала да.
Құлпырады наурызда
Ана менен бала да.
Наурыз тойы – салтанат,
Наурыз тойы – ән қанат.
Думанданып дүние,
Шаттанады шартарап.
Наурыз – пейіл, береке,
Наурыз – мейір, мереке.
Қуанышқа бөлейді,
Көңілдерді көл ете.



Пікірлер (1)

Батыстың кызы

Кушт

Пікір қалдырыңыз

Араздасқан ағайындарға

  • 0
  • 0

Отырайық, ағайын,
Туысқан боп, туған боп.
Ашып жанның сарайын,
Таң-тамаша, думан боп.

Толық

Мәңгі бірге болайық

  • 0
  • 0

Саған деген сезім дара,
Асқар тауым өзің ғана,
Бұл ғаламда,
Нұр ғаламда.

Толық

Арақтың ақыры

  • 0
  • 0

Саулық үшін көп ішіп,
Ауырамыз алты ай қыс.
Достық үшін деп ішіп,
Төбелесіп тарқаймыз.

Толық

Қарап көріңіз