Балапан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Балапан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3564
Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Аспандағы айым деп,
Аймалайды жан апаң.
Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Аққуым деп айдында,
Аялайды алақан.
Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Жалғасым деп жауқазын,
Жаратады жан атаң.
Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Аппақ сенің жүзіңнен
Арайланған жаңа таң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері