Қайталау – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қайталау» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2293
Қыстан қорқып ақ боран
Қашып келем күзден мен.
Жазым қайда жоғалды
Табар ма екем іздеп мен?
Табар ма екем іздеп мен,
Тартып келем іздермен.
Шыға берем айналып
Сиқы кеткен күздеуден.
Жер домалақ дейтін ек,
Рас екен, енді ұқтым.
Жүр екенмін дөңгелеп
Жібіндей - ақ ұршықтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері