Шөлейттегі дарақ – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Шөлейттегі дарақ» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 928
Шөлейтке кей­кейде
Бітеді бір дарақ
Тартынбай,
Аптапта
Ақ шаңға
Көміліп
Алқынбай,
Ақпанның
Ақ таңы
Атқанда алтындай,
Тамырын үзбеген
Туған жер
Топырағынан нәр алып,
Сабырмен
Сілкінер салқындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері