Бастау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бастау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1188
«Әліппені» аш, қалқам,
«А» әрпімен басталған.
Алла дейміз әуелі,
Алла сөзі әдемі.
Жаратты ол әуелі
Аспан мен Жер, Әуені.
Содан кейін Адамды,
Жан-жануар, тағы аңды.
Көз салсын деп ғаламға,
Ақыл берді Адамға.
Жаратты Адам Атаны
Және Хауа Ананы.
Солар – арғы атамыз,
Солар – алғы анамыз.
Біз солардан таралдық,
Бала болып нәр алдық.
Жаратылыс жүйесі,
Бар әлемнің иесі –
Жалғыз ғана Алла ғой,
Алланы сен алға қой.
Соныменен «Әліппең»
Басталған «А» әрпімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері