Ішіп кетті – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ішіп кетті» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1448
Бірінші рет бірер күн ішіп кетті,
Ішіп кетті –
Лақылдата құсып кетті.
Екінші рет бір апта ішіп кетті,
Ішіп кетті –
Гүп болып ісіп кетті.
Үшінші рет айлап ішті,
Айлап ішті –
Айықпайтын жайға түсті.
Төртінші рет жыл бойы ішіп кетті,
Ішіп кетті –
Табытқа түсіп кетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері