Жарасқан ағаға арнау – Sholpan Kydyrbai

Бұл бетте «Жарасқан ағаға арнау» атты Sholpan Kydyrbai жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызылорданың тумасы жерлесіміз,
Аты әйгілі танымал ақынымыз.
Жарасқандай ағамызды еске алып,
Дәл осылай жызылады жырымыз.

Сағынышпен еске аламыз біз оны,
Сол арқылы толтырамыз көңілді.
Алтын сөзі қазынамен тең келер,
Біздер үшін сатылмайтын байлығы.

Өлең жазып әдебиетті толтырған
Мына біздің ойымызды дамытқан.
Қазақ дейтін киелі бес әріпті,
Бүкіл әлем жер шарына таратқан.

Қазақ ғана тек сізді жырламайды,
Бүкіл әлем,барлық өлең,сөзіңізді тыңдайды.
Сол себепті Жарасқандай атыңыз
Кез-келген барлық жерде әйгілі.

Біз сізбенен мақтанамыз мәңгілік,
Әр сөзіңіз ұстанымым мәңгілік.
Қыл қаламмен жазылған жауһарыңыз
Қазақтың бойындағы,жоғалмайтын тектілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар