Бұл бетте «Қай кезде қайда жүрсем де» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қай кезде қайда жүрсем де,
Думаңды топқа кірсем де,
Тыпыршып мазам кетеді,
Бар ойым болып бір сенде.
Шешендер есіп сөйлеген,
Жатса да қызып той деген,
Өзіңе қашаң жетем деп,
Отырам он-сан ойменен.
Болса да жиын келелі,
Шамалы маған керегі.
Сытылып шығып, әйтеуір,
Өзіңе жеткім келеді.
Өзіңсіз орта қараңғы-ақ,
Отырам дәйім алаңдап.
Өзіңе қарай ұшамың,
Сытылып шығып амалдап.
Қасыңа жетіп жылынам,
Қасыңа жетіп тынығам.
Басымды қояр саждаға
Өзіңсің екен құбылам.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі