Керек екен бір болу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Керек екен бір болу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1372
Айналайын, алтыным,
Сенсіз өткен әр күнім
Жыл секілді созылып,
Соға берді салқынын.
Оранғандай мұңменен,
Төмен тартып зіл денем,
Мең-зең болып жүремін,
Жоғалғандай бірдемем.
Айналайын, алтыным,
Ал, түнім ше, әр түнім?
Жалғызсырап жатамын,
Бүтін емес, жартымын.
Ғашық жүрек, алайда,
Қиындыққа қарай ма?
Құстай ұшып өзіңе
Жеткім келді қалайда.
Сенсіз тірлік – мұңға еру,
Қиын екен күн көру
Өзіңменен қашан да
Керек екен бір болу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері