Бұл бетте «Сен болмасаң Сәруар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны білер ме ем?
Өмірдің не мәні бар,
Ішкіш болып жүрер ме ем?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны көрер ме ем?
Көңілдің не сәні бар,
Құмырадай көнерген?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны табар ма ем?
Болар-болмас табы бар,
Шоқтай бықсып қалар ма ем?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны сүйер ме ем?
Тәңірім боп табынар,
Отына оның күйер ме ем?
Соның үшін Сәруар,
Ризамын мәңгілік.
Есіміңді танымал
Айтып жүрем ән қылып.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі