Өлең, жыр, ақындар

Біліп келемін

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 442
Ұзақ жол жүрдiм
Арып-ашыдым.
Жадап-жүдедiм.
Жасыдым...
Алдымнан
Ата-бабаларым сияқты
Алып бәйтеректер шықты.
Иiр-иiр бұтақтарын созды.
Арқасына мiнгiздi.
Алысты көрсеттi,
Жақынды бiлгiздi.
Тағы да жолға шықтым.
Тақырдай қабарып кептiм.
Тандырдай қаталап шөлдедiм.
Әйтеуiр өлмедiм.
Алдымнан
Ақ шалмалы таулар шықты
Жартастарын сығып
Бұлағын емiздi.
Шалғынын төсеп,
Жемiсiн жегiздi.
Қаныма қайрат кiрдi,
Жаныма айбат кiрдi.
Сапар таусылмады.
Сансыз белдерден өттiм.
Сахара шөлдерден өттiм.
Дегенiме жете алмай
Құм қауып құладым.
Құм шашып жыладым.
Аспаннан
Қап-қара ауыр бұлттар
Төмендеп кеп
Етегiне менi орап алды.
Намысымды оятып
Найзағайларымен
Сабап алды!
Аспанның нұрын,
Жасынның отын
Қарпып iштiм.
Түк қалдырмай
Сарқып iштiм.
Құйылған
Құрыштай болдым.
Қайралған
Қылыштай болдым.
Әлi де жүрiп келемiн.
Алдымда
Қауiп пен қатер бар екенiн
Бiлiп келемiн!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баласын құтқарған әйел туралы

  • 0
  • 0

Ерте, ерте, ертеде
Қойының үстiне
Бозторғай жұмыртқалап,
Итiнiң басына

Толық

О, Махамбет, пірім-ай!

  • 0
  • 0

О, Махамбет, батырым,
әулием,
пiрiм,
ақыным, –

Толық

Алданған үміт

  • 0
  • 0

Ертеңгі күнге
Мойынын соза-соза
Бүкіл елім
Мұңға бөкті.

Толық

Қарап көріңіз