Өтініш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өтініш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 947
Қозғама менi, қарағым!
Менi қозғасаң
Мұз сөгiлiп
Сең қозғалады.
Топырақ суырып
Жел қозғалады.
Iште жатқан
Шер қозғалады.
Шер қозғалса
Ел қозғалады.
Ел қозғалса
Жер қозғалады.
Қозғама менi, қарағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері