Бәрінен шаршап кеттім – Құралай Омар

Бұл бетте «Бәрінен шаршап кеттім» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 3858
Бәрінен шаршап кеттім:
Жанымды мұздатқан көктемнен,
Жүректі сыздатқан өткеннен.

Ап-ауыр азапты шегуден,
Үн-түнсіз жасымды төгуден.

Мәні жоқ ғұмырды кезуден,
Қажет еместігімді сезуден.

Көліктер сабылған көшеден,
Айыптай беретін кешеден.

Үмітім тоналып қалғаннан,
Алдамшы бес күндік жалғаннан.

Шаршадым таусылмас мұңымнан
...Ештеңе шықпады бұнымнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері