Абайсызда атылған кесектерден – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Абайсызда атылған кесектерден» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 781
Абайсызда атылған кесектерден,
Оқ жыландай улаған өсектерден.
Нәпсі демі аңқыған төсектерден,
Жерігенде сезімнен есептелген.

Өзімді өзім болмасқа сендіргенде,
Көкірегімді қопарып сең жүргенде.
Төзімімнің ширығып әр талшығы
Телефонға үмітсіз телміргенде.

Минуттардан күткенде жылжымаған,
Жанарымда жазықсыз мұң жылаған
Жанталасқан сәттерде қол бұлғадың,
Көп елестің ішінен бұлдыраған.

Кездерімде көңілсіз, көзім күлген,
Бәрі көлгір екенін сезіндірген.
Түсімде де түңіліп тірлігімнен,
Есікті іздеп жүремін өзің кірген.

Жымиысың жүректі қозғағанда,
Ақылымнан адаса жаздағанда,
Әлі күнге сен жаққа жаутаңдаймын,
Жетім бота ішімде боздағанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері