Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1891
Сізді сүю қылмыс па?.. Солай ма, аға...
Жан құрбым жүр сене алмай.
Ар сәулесі шағылған шарайнада,
Дидарымды көре алмай.
әбден әуре болдым –ау...
Қалай ғана
еш алаңсыз сырласамыз енді біз?...
Түйсігіме тым басқаша ендіңіз.

Сізді сүю –ағаттық. Аға, шыным...
Сезбей мүмкін өтерсіз.
Менің дархан мінезді жанашырым,
Кешіре алар ма екенсіз.
Ессіздікке баларсыз...
Бекер сіз
кезіктіңіз көзіңізде мұң ұйып,
Жұмбақ және тым сүйкімді жымиып.
Сізді сүю қылмыс па?.. Мүмкін бәрі...
Өзімді –өзім кінәлау.
Жүрегімнің сіз жаққа ұмтылғаны
адасқаны шығар-ау...
Айтыңызшы, қайтемін,
Мына алау
Алаңдаймын өртеп тынар ма екен деп.
Қиялым жүр құшағыңды мекендеп.
Ойлайсыз ба бекер деп?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері